Ассоциация туралы
АТ компанияларының Қазақстандық Ассоциациясы заңды тұлғаларды ақпараттық технологиялар аясында бірлестіретін бейкоммерциялық ұйым болып табылады. 2004 жылы 6 сәуір күні ассоциация тіркелген болатын (№ 62277-1910-ОЮЛ куәлігі). 2012 жылдың 28 наурыз көрсеткіштері бойынша 41 АТ компаниясын біріктіріп тұр.
Ассоциацияның мақсаттары:
- мемлекеттік органдардағы, билік құрылымында, халықаралық және қоғамдық ұйымдардағы ассоциация мүшелерінің мүдделерін қорғау және лоббилендіру;
- АТ ішкі нарығында, сондай-ақ шетел компаниялардың экспансиясынан Ассоциация мүшелерінің мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасында ақпараттық технологиялардың дамуы бойынша өткізілетін мерейтойларда, халықаралық мекемелерде Ассоциация мүшелерін таныстыру;
- жаңадан жүйелік, тауарлық және қолданбалы технологияларды дамыту, сынақтан өткізу және интеграциялау сұрақтары бойынша ассоциация мүшелеріне көмектесу;
Ассоциацияның басты міндеттері:
- отандық АТ салаларын және АТ компанияларын дамытуға мемлекеттің қаржыландыруын жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілетін байқауларда шетел компаниялардың назарын артықшалықтарына аударту, отандық АТ компаниялардың дамуын қамтамасыз ету мақсатында Республиканың заңды актілерін өзгертуде және дайындауда қатысу;
- бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісі саласында халықаралық стандарттарға сәйкес компанияларды сертификаттау және БҚ әзірлеуді ұйымдастыру сұрақтары бойынша Ассоциация мүшелеріне жәрдемдесу;
- Ассоциация мүшелерінің арасында өзара аутсорсингті дамыту;
- ақпараттық технологиялар саласында тауарларды жеткізу, жұмысты атқару және қызмет көрсетуде монополизмге қарсы шығу;
- басқа ақпараттық технологиялармен интеграция процесіне жәрдемдесу және қолдану өрісін кеңейту мақсатында, ассоциация мүшелерінің жасап отырған тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді көпшілікке тарату;
- Ассоциация мүшелері жасап отырған тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетудің қолданушылары және ассоциация мүшелері арасында байланысты кеңейту үшін жағдай туғызу;
- Қазақстан Республикасында ақпараттық технологиялар саласында тиімді нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыруға белсенді түрде көмектесу;
- Қазіргі заңнамаларға сәйкес Ассоциация мүшелері ұйым мамандарын дайындауға, қайта дайындауға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
- Ақпараттық технологиялардың әлем нарығына қазақстандық бағдарламалық өнімдерін және жаңа зерттемелерді шығаруға жәрдемдесу;
- ақпараттық технологиялар саласында қазақстандық және халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың арасында байланыстың дамуына көмектесу;
- KZ ұлттық доменін басқару инфрақұрылымын қалыптастыру, техникалық қызмет көрсету және басқарудың қызмет етуін жүзеге асыру;
- Халықаралық ұйымдарда ассоциация мүшелерінің мүдделеріне өкілдік ету;
- Ассоциация мүшелерінің авторлық және сабақтас құқықтарын қорғау.
|
АТ компанияларының Қазақстандық Ассоциациясы заңды тұлғаларды ақпараттық технологиялар аясында бірлестіретін бейкоммерциялық ұйым болып табылады. 2004 жылы 6 сәуір күні ассоциация тіркелген болатын (№ 62277-1910-ОЮЛ куәлігі). 2012 жылдың 28 наурыз көрсеткіштері бойынша 41 АТ компаниясын біріктіріп тұр.