ҚР-ғы жұмыссыз жастарды кәсіпкерлік, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа жаппай оқыту көзделеді. Бұл туралы үкіметтің отырысы барысында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дуйсенова мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Министр келелі жастардың жұмысбастылық мәселесін қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде әдіс-тәсілдерді күшейту ұсынылады. Оның үстіне, ол бірнеше нақты ұсынысты айтып өтті.
«Біз оқуға түспеген, жоғары оқу орындарын аяқтағаннан кейін жұмысқа тұрмаған, жалпы жұмыссыз жастар үшін кәсіпкерліктің негіздері, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылыққа жаппай оқытуды ұсынамыз. Бұл білім беру жүйесінде бар саясатқа сәйкес келеді, бірақ әрі қарай жұмысқа тұрғызу міндеттемесі болмайды», — деп мәлімдеді Дуйсенова.