Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыштық комитетінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ («ҚҒС» ҰК» АҚ) ақысыз негізде Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесінен алынатын (ҚР ЖҚЗ ҒЖ) ғарыштық түсірілімдерді республиканың ұйымдары мен мемлекеттік органдарға ұсынады. Түсірілімдер мемлекеттік органдардың өтінімдеріне сәйкес ұсынылады деп хабарлайдыPm.kz.
«ҚР ЖҚЗ ҒЖ-ден алынатын ғарыштық түсірілімдерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсыну жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік ішкі бағдарламасына сәйкес ағымдағы жылдың 2 тоқсаны үшін мемлекеттік органдарға «KazEOSat-1» жоғары рұқсатты ғарыштан 3 017 ғарыштық түсірілімдері ұсынылды. '