Қазақстанда лаңкестердің жазаларын қатаңдату жоспарланады деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жумаканов мәлімдеді. Оның үстіне, халыққа лаңкестік әрекет қаупі туындаған жағдайда, лаңкестікке қарсы комиссиялары жанында жедел желі деп аталатын желілерді құру және азаматтардың әрекет ету тәртібі туралы ақпаратты қамтыған интернет-ресурстар көрсетілген SMS- хабарламалар жіберілетін болады.
«Арнайы құрылған жұмыс тобымен экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленді. Заң жобасы бірқатар бағыттар бойынша алты кодекс пен 18 заңға түзетулерді қамтиды», — деді Жумаканов.