JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>

Астанада «Үлкен деректер аналитикасының негізінде мекеемелердің сандық трансформациясы» тақырыбындағы семинар өтіп жатыр. Іс-шараны EMC халықаралық корпорациясының R&D лабороториясы (Санкт-Петербург қ.) қолдауымен «Ұлттық ақпаратттық технологиялар» АҚ өткізіп жатыр.

Семинар аясында Big Data мүмкіндіктері және үлкен деректер аналитикасының негізінде компаниялардың сандық трансформациядағы қадамдары талқылануда. Қатысушылар арасында – «Зерде» ҰАКХ» АҚ, «Astana Innovations» АҚ және «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ. Іс-шара екі бөлімнен тұрады: концептуалды бөлімі менеджерлер мен аналитиктерге, технологиялық бөлімі сала мамандарына арналған.

«ҰАТ» АҚ басқарма төрағысының орынбасары Жанат Мырзабековтің айтуынша, әлемдік тәжірибеде үлкен деректер мүмкіндіктері қаржы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сату және логистика секторларында барынша тиімді пайдаланылады. Сол себепті семинарға қатысушы әр компания Big Data-ны қолдану арқылы өзіне тиімді қосымша мүмкіндіктерге ие бола алады. «Сандық Қазақстан – 2020» жаңа мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда үлкен үміт күттіреді.

Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі күннің өзінде үлкен деректер бизнесте елеулі оң нәтижелер беруде. «Мәселен, Fortune 500 тізіміне кіретін барлық рәсімдер мен үдерістері реттелгендей көрінетін трансұлттық компанияларда үлкен деректерді енгізу арқылы еңбек, негізгі өндірістік қорлар, қуат ресурстарын тиімді пайдалану 5-7%-ға артса, сатулар көлемі 7-9%-ға ұлғайды. Сондай-ақ, бұл жерде деректердің экономикалық өсім ең жақсы дегенде 1-2% құрайтын әлемдік экономикадағы қаржылық-экономикалық дағдарыс уақытында алынғанын ескеру қажет», - деп ата атап өтеді «ҰАТ»АҚ Деректерді талдау департаментінің директоры Ринат Жукенов.

Семинар 16 және 17 тамызда өтеді. Талқылаулар нәтижесі бойынша үлкен деректер анализін пайдалану бойынша келісілген іс-шаралар жоспары құрылады деп жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

 

 

http://www.nitec.kz/index.php/kz/story/v-astane-obsujdayut-vnedrenie-analiza-bolshih-dannyih-v-gosorganah-i-natsionalnyih-kompaniyah 

Назад

       itkbanner                                                        Главная      Главная