JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>

22-23 тамызда Астанада ашық деректер порталымен жұмыс істеу және data-журналистика бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған алғашқы тренинг өтті.

Іс-шараны «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Internews Network» халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігі ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен ұйымдастырды. Сонымен қатар, тренингке ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің Астанадағы өкілдігі мен халықаралық даму жөніндегі USAID АҚШ агенттігі қолдау көрсетті.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанат Мырзабеков өзінің құттықтау сөзінде «Ашық үкімет» және оның негізгі құрамдасы саналатын data.egov.kz Қазақстанның ашық деректер порталы туралы айтып өтті. Практикалық сабақ кезінде тренинг қатысушылары дәл осы портал деректерін пайдаланды.

Қазақстандағы «InternewsNetwork» басшысы Ержан Сүлейменов Қазақстанның ашық деректер порталы журналистер қауымы арасынан тікелей пайдаланушыларын ғана емес, осы жобаны дамытып, жақсартуға көмектесе алатын тестерлерін де табуы мүмкін екендігін атап өтті.

БАҚ өкілдеріне арналған тренингті медиа және IT саласындағы сарапшылар: Орталық Азиядағы жетекші медиа жасаушысы Николай Пихота, ITMO University профессоры Ирина Радченко және «Ашық Азия Онлайн» жобасының жетекшісі Ольга Каплина өткізді.

Екі күнге арналған тренингке 15-ке жуық республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Семинар барысында қатысушылар деректерге ашық қолжетімділіктің негізгі қағидараларын зерттеп, data-журналистика стиліндегі материалдарды жасау және деректерді өңдеу негіздері жайлы білді, сондай-ақ бірқатар практикалық тапсырмалар орындады. Семинар соңында журналистер өздерінің ашық деректер негізіндегі жобаларын ұсынды.

Тренинг барысында айтылғандай, ашық деректер журналистика үшін жаңа мүмкіндіктер береді, ал ашық деректер базасындағы ақпаратты пайдаланып, оны талдай білу уақыт талабына айналып отыр.

Анықтама ретінде: Ашық деректер порталы (data.egov.kz) «Ашық үкіметтің» негізгі құрамдас бөлігі, онда мемлекеттік органдардың деректері машина оқи алатын форматта жарияланады. Порталдан алынған ақпаратты өңдеп, талдау жасаса, оны түрлі салаларда, соның ішінде журналистикада тиімді пайдалануға болады.

 

 

 

 

http://www.nitec.kz/index.php/kz/story/v-kazahstane-proshel-pervyiy-trening-dlya-jurnalistov-po-rabote-s-otkryityimi-dannyimi 

Назад

       itkbanner                                                        Главная      Главная