«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстанның Ұлттық бизнес рейтингісінде жетекші орнындарлың бірін тағы бір мәрте иеленді. Жыл сайынғы қаржы-экономикалық дәрежелеудің нәтижесінде компанияға «Жалпы салық» және «Сала көшбасшысы» номинациялары бойынша 1-ші орын берілді.
Компания Қазақстан Республикасының «Жалпы салық» пен «Сала көшбасшысы» критерийлері бойнша деректерді орналастыру мен өңдеу қызметтерін көрсету саласында жұмыс істейтін ірі-бизнес субъектілері арасындағы үздік 7 жетекші кәсіпорындардың көшбасшысы болды.
Айта кетсек, компания 2013 жылдан бастап осы рейтингінің жетекші орындарын тұрақты түрде иеленуде. Бұл жайт компанияның қаржылық тұрақтылықтығының, өндірістің дамуы мен қызметкерлер табыстарының өсуінің дәлелі болып табылады, оны салық пен әлеуметтік аударымдарының өсуі растайды.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының Ұлттық бизнес-рейтингі бюджетке төленетін салық пен басқа да міндетті төлемдер бойынша ақпараттың негізінде құралады.
Анықтамалық ақпарат: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар саласындағы операторы болып табылады және интеграциялық бағдарламалық жасақтама мен жабдықтардың негізінде ақпараттық тапсырмалардың кешенді шешімдерін ұсынады.
http://www.nitec.kz/index.php/kz/story/ao-nit-v-tope-liderov-natsionalnogo-biznes-reytinga