Алматыда SMSBUS қызметін іске қосты 20 тамыздан бастап activ абоненттеріне ұялы телефондармен SMS арқылы Алматы қоғамдық көліктерінде жүріп-тұру үшін ақы төлеу қол жетімді. «Біз, ұялы технологилар көмегімен абоненттеріміздің мүмкіндігін кеңейту үшін үздіксіз жұмыс істеп келеміз. Бүгінде Алматы қоғамдық көліктерінде ыңғайлы, оңай және барлығына қол жетімді тәсіл – SMS арқылы жол ақысын төлеу қызметін қуана-қуана ұсынамыз. Жаңа қызмет түрі алматылықтар мен елміздің ең ірі мегаполис қонақтарынының жүріп-тұруын жайлы етуге көмектесетініне сенімдіміз. Сонымен бірге, осы сервис қоғамдық көлік арқылы қала ішінде жүріп-тұруды таңдайтын жолаушылар санын арттырады деп үміттенеміз», деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.
Толығырақ http://profit.kz/news/33497/V-Almati-zapustili-uslugu-SMSBUS/