БҚО мектептерінде робототехника сабақтарын енгізбек
Соңғы жылдардағы білім беру саласының ноу-хау жаңалығы – робототехниканы – барлық оралдық мектептерге енгізу ұсынылуда. Педагогтар жаңа пән білімнің келешегі зор салалары: механика, электроника, автоматика, құрастыру, бағдарлама жасау, схемотехника мен техникалық дизайнға балалардың қызығушылығын арттырады деп атап отыр.
Мектептерде роботехника сабақтарын енгізу БҚО білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі Алтай Кульгинов, жаңа пәнді енгізу оқушыларға өз әлеуетін ашуға көмектеседі, деп мәлімдеді
Толығырақ http://profit.kz/news/33499/V-shkolah-ZKO-vvedut-uroki-robototehniki/