Орталық коммуникациялар қызметінде «Соттардағы жаңа ақпараттық технологиялар және сот процесіне қатысушылардың электронды онлайн-сауалнамаларының қорытындылары туралы» деген тақырыпта брифинг болып өтті. Іс-шараға спикерлер ретінде Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Абай Тоқсаба және Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта қатысты.
Абай Тоқсаба атап өткендей, судьялардың VI съезінде айтылған мемлекет Басшысының тапсырмасы шеңберінде соттардың қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша үлкен жұмыс атқарылған. «Сот кабинеті», сот процестеріне қатысушыларды электронды жабдықтау құралдары, аудио-бейне тіркеу, сондай-ақ «Төрелік» жүйесі сервисіне ерекше назар аударылды.
Толығырақ: http://profit.kz/news/33573/83-sudebnih-zalov-v-Kazahstane-osnascheni-sistemami-audio-videofiksacii/