Біздің еліміз қашанда жаңа технологияларды және инновациялық ғылымды дамыту саласында әлем елдерімен ынтымақтастыққа дайын деп айтты ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Астанада өткен Азиялық Ғылым, технологиялар мен инновациялар саласындағы мәселелер бойынша парламентаралық форум барысында деп хабарлайды Strategy2050.kz.
«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Президенттің Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның институционалдық 5 реформасын іске асыру» орындалуда. Осы жоспарда белгіленгендей, біздің елімізде инновациялық саясат бәсекеге қабілетті қоғам құруға арналған экономикалық даму негізі болып табылады. Осы жолда еліміз индустриялық-инновациялық дамудың алғашқы бесжылдығын іске асыруда, қазіргі уақытта аталған бағдарламаның екінші кезеңі жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ол.