Қазақстандық ғалымдар 50 дифференциалды космос стансаларын жасады. Бұл туралы ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ерғазы Нұрғалиев «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинар барысында айтып өтті, дейді Kazpravda.kz.
«Kazsat-2 және Kazsat-3 спутниктерінен тұратын телекоммуникациялар мен байланыс спутниктері жүйесін, сондай-ақ Астана мен Алматы маңындағы жер бетіндегі кешенін тікелей өзіміздің мамандармен басқарылады. Сонымен бірге дәл қызір жұмыс істей бастаған дәлдігі жоғары спутниктік навигация құрылды. Бүгінде Қазақстанда 60 дифференциалды стансалары өз қызметтерін көрсетуде. Оның 50 біздің ғалымдар жасап шығарған. Әрине, біз осы жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етіп, ары қарай дамытуымыз керек. Қазақстанда басқа да спутниктер болады, сол үшін жұмыс істеп жатырмыз, бүгінгі семинар да соған арналып отыр» - деп атап өтті Нұрғалиев.