2016 жылдың басынан Қазақстан сыртқы нарыққа 120 млн теңгеге Жерді қашықтықтан зондтау жүйесімен жасалған спутник түсірген суреттерді сатты. Бұл жөнінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Марат Нұрғожин хабарлады, деп көрсетеді Today.kz.
Ол, отандық компаниядан суреттерді ЕО елдері ғана сатып алып қоймай: «Біз тікелей ТМД елдерінің барлығымен жұмыс істейміз, бейнелерді біз Ресейге, Украинаға, Белоруссияға да сатамыз. Бұдан басқа, африкалық елдермен де жұмыс істейміз – бұлар Судан, Египет, Оңтүстік Африка Республикасы. Нигерия, Алжир, Тунис қызығушылық танытып отыр – қазір олармен келіссөздер кезеңіндеміз. Біз азия елдерімен де жұмыс жасаймыз, ең алдымен, Орталық Азия – Иран, Пәкістан шын қызығушылық танытты. Оңтүстік Кореямен жұмыс істеп жатырмыз», деп отыр.