Ақпарат және байланыс секторында капитал салымдары мен несие құю өсімі қарқынының төмендеуі байқалады. Қаңтар-қазан ішіндегі негізгі капиталға инвестициялар 46,2 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғысынан 29,5% аз, деп хабарлайды Energyprom сілтеме жасаған «Капитал».
Қазан қорытындысы бойынша секторға берілгени несиелер 145,6 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғысынан 4,6% артық, алайда, өсім қарқыны едәуір төмен. Салыстыру үшін, телекомның 2015 жылғы қазандағы несие портфелінің жылдық өсімі 65,7% құраған.