Астана әкімі Әсет Исекешев дарынды оқушыларды қызықты да пайдалы өнертабыстар ойлап шығаруға ынталандыру ретінде 10 млн теңге мөлшерінде гранттар бөлуге уәде берді. Бұл туралы қала басшысы елорда әкімдігінде өткен дарынды балалармен кездеу кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
«Біз балалардың өнертапқыштығы мен зияткерлік жұмыстарын ынталандыруды жоспарлап отырмыз. Әкімдік атынан гранттар түрінде инновациялар саласындағы ең озық жұмыстары үшін 10 млн. теңге бөлеміз. 5 миллионнан 5 грант және 500 мың теңгеден 10 грант» - деп атап өтті Исекешев.