Қазақстандық оқушылар бағдарламалау бойынша 17-ші Бүкілресейлік командалық олимпиадада жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бағдарламалау бойынша оқушыларың он жетінші Бүкілресейлік командалық олимпиадасы 2016 жылғы 10-11 жетоқсанда Санкт-Петербург, Барнаул, Алматы, Тбилиси және Ташкентте өтті.
«Алматы+Астана, КТЛ #1» компьютерлік данышпандар командалары 200 астам бәсекелесін басып озды. БОБКО турнирлік кестесіне сай, Санжар Бидайбек, Асхат Жалғасов және Нұрбақыт Мәдибек 11 есептің тоғызын шешті. Қазақстан оқушылары 1-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Екінші орынды «Интеллектуал+СУНЦ МГУ: Вова спит дома» (Мәскеу) командасы алды, үшінші орын «Школа программистов #1» (Мытищи) командасына берілді.
Бұның алдында алматылық білім-инновация лицейі (бұрынғы қазақ-түрік лицейі) HackerRank тұғырнамасы нұсқасы бойынша бағдарламашыларды дайындайтын ең үздік университеттер рейтингіне кіргенін еске саламыз.