НұрОтан партиясы ұйымдастырған «NURINTECH» инновациялық жобалардың республикалық жастар конкурсы жеңімпаздарының есімдерін жариялады. Оның негізгі мақсаты – қазақ жастарын ғылыми және инновациялық қызметке тарту. «NURINTECH»-те 5 аталым болды. Бұлар: «әлеуметтік маңызы бар инновациялар», «техностарт», «ең үздік жас ғалым», «инновациялық жастар жобасы» және «келешек».
Бас жүлде мен 2 миллион теңгені алғашқы қазақстандық дронды жасап шығарған қарағандылық жас ғалым Нұржан Есмағамбет алды. Аталымдардағы бірінші орындарға – 1 миллион теңге, екінші орынға – 500 000, ал үшіншісіне – 250 000 теңге ақшалай жүлделер қарастырылған, Бұдан басқа, «Келешек» аталымының жеңімпазына Қазақстанның ең озық жоғары оқу орындарына оқу гранты ұсынылады, ал екінші және үшінші орын алған қатысушылар ноутбук және планшет түрінде ынталандыру сыйлықтарын алды.