Бүгінде интернеттің дамуы бүкіл әлемдегі адамдар мен компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Алайда, бұдан барлығы бірдей дәрежеде пайда алып жүрген жоқ. Интернеттің дамуымен байланысты экономикалық пайдалар немес «сандық дивидендтерді» анағұрлым жоғары кірістерге ие болатындар, талап етілетін дағдылар немесе анағұрлым қолайлы ортада жүргендер жиі алады, делінген Бүкіләлемдік банк шолуында, деп хабарлайды «Литер».
Істің мұндай жағдайы елдер ішінде де, олардың арасында да теңсіздікке алып келуі мүмкін. Бүкіләлемдің банктің жаңа «Сандық дивидендтер алу» баяндамасында айтылғандай, бұл жағдай облмай қалмайтын жайт. Егер экномикалық саясаттың тиісті шаралары қабылданатын болса, сандық дивидендтер кедейлікті қысқартудың және Еуропа мен Орталық Азия (ЕОА) аймағындағы жаппай өркендеуді қамтамасыз етудің қозғаушы күші болуы мүмкін.
Толығырақ: http://profit.kz/news/37103/Internetizaciya-mozhet-dat-tolchok-ekonomikam-Centralnoj-Azii/