Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) банк клиенттерін интернет-транзакциялар жүргізу кезінде барынша абай және қырағы болуға және осылайша халықаралық кибералаяқатрағ қарсы күресуде банкке көмектесуге шақырады, деп хабарлайды «Капитал».
ҚҚҚ қазақстандық банк клиенттерінің шоттарына кибершабуылдарға байланысты, Ұлттық банк және екінші деңгейдегі банк өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының отырысы өтті. Кездесуде жаңа киберқатерлерден қосымша қорғануды қамтамасыз ету бойынша ықтимал шаралар талқыланды. Соның ішінде, кибершабуылдар қатерінің алдын алу бойынша алгоритм құру үшін біріккен шаралар кешенін әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.