Павлодар облысында пайдалы қазбаларды өз еркімен өндіруді ғарыштық мониторинг көмегімен іздей бастайды. Бұл жөнінде жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының алқалы жиналысында белгілі болды, дейді Strategy2050.kz.
Басқарма басшысы Әлібек Несіпбековтың айтуынша, облыс аумағында пайдалы қазбаларды өз еркімен өндіру фактілері жиі орын алуда: «Мәселен, тек барлауға ғана лицензиясы бар бір ЖШС мыс рудаларын өндіріп, 500 млн теңгедан астам зиян келтірген».