Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев экономиканың шынайы секторына Индустрия 4.0 элементтерін енгізу аясында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Барлық құқығы қорғалған.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауын іске асыру аясында Үкіметке экономиканы технологиялық жаңғырту жұмыстарын жылдамдатуды, сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын қабылдауды тапсырды.
Мемлекеттік бағдарлама цифрлық экожүйені үдемелі дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасы мен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Кеңес барысында цифрлық Жібек жолын іске асыру, жасампаз қоғамды дамыту, проактивті мемлекетке ауысу бойынша жұмыстарды жүйелеуге қатысты ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің іс-әрекеттері талқыланып, экономика салаларындағы цифрлық түрлендіру шаралары қаралды.
Барлық құқығы қорғалған.