Массачуссетск технологиялық институтының (MIT) қызметкерлерінің қатысуымен құрылған Enigma криптовалютасының жаңа платформасы валютаның өзін ресми түрде іске қосылуына дейін хакерлік шабуылдардың құрбаны болды. Қаскүнемдер платформалар авторлары пайдаланылған бірқатар желілік ресурстарды бұзып кірген, атап айтқанда, негізгі сайтты, пошталық парольді және Slack бірлескен жұмысын ұйымдастыруға арналған сервисіндегі каналды бұзған.
Негізгі сайтта қаскүнемдер электрондық әмиянның мекен-жайын қойған, содан кейін спам арқылы Enigma криптовалютаны "бастапқы сатуды" ашты деген хабар таратқан, дегенмен ICO сервисі (электрондық валютаны бастапқы сатуға қоюды) 11 қыркүйекке жоспарланған.
Толық ақпарат:http://safe.cnews.ru/news/top/2017-08-23_pervyh_investorov_v_kriptovalyutu_enigma_ograbili