JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>

Қазақстанда TLDCON 2017 мерейтойлық конференциясы өтті.  6-7 қыркүйек аралығында Алматыда (Қазақстанда) ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің жоғарғы деңгейдегі ұлттық домендер әкімшілері мен тіркеушілерінің мерейтойлық 10-шы Халықаралық конференциясы (TLDCON 2017) өтті. Оған әлемнің 17 елінен шамамен 140 адам қатысты.

 

TLDCON 2017 іс-шарасын .RU/.РФ  домендерін Үйлестіру орталығының директоры Андрей Воробьев ашты.  «Біз интернетті басқару жөніндегі еуразиялық күн тәртібі бар екендіктен, және де Қазақстанның оның ірі қатысушыларының бірі болғандықтан, Алматыда мерейтойлық 10-шы конференцияны өткізудеміз. TLDCON конференциясы жұмысының соңғы өткен 10 жылы ішінде интернетті басқарудағы мемлекеттің рөлі барлық елдерде едәуір өсті, және бұл әлемдік үрдістің көрінісі» - деп айтты Андрей Воробьев. Зерде холдингі басқармасы төрағасының орынбасары Жарқынбек Азаматов интернеттің Қазақстанда ең серпінді дамитын салалардың бірі болып табылатынын, қазір бізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылдануға дайындалатынын хабарлады


Жарқынбек Азаматов, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары:  «Бағдарлама мақсаттарының бірі Қазақстанның ауылдық елді мекендерін кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету болып табылады, бұл барлық интернет-салаға күшті серпін береді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы интернет-сала үлесін ЖІӨ 5-6% дейін келтіруі тиіс».

Елде интернетті дамыту туралы Қазақстандық IT-компаниялар Қауымдастығының президенті – .KZ және .КАЗ ұлттық домендерінің әкімшісі Нурлан Исин де айтып берді, ол Қазақстанда интернеттің таралуын сипаттайтын сандарды келтірді. Осылайша, 2016 жылы Қазақстанда интернет пайдаланушылардың үлесі 76,8% құрады, КДҚ өткізгіштігі – 76,2%, ол 2016 жыл ішінде екі есе өсті. .KZ доменінде 133 мың домендік атау тіркелген, 2016 жылғы өсім 3,5% құрады.

 

Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерімен байланыс жүргізу жөніндегі ICANN басшысы Александра Куликова өз сөзінде домендік кеңістік қауіпсіздігі саласындағы ICANN жұмысына ерекше назар аудартты. Бұл тақырып мерейтойлық конференцияда ең басым болды, интернетті қауіпсіз қалай істеу қажет екендігі туралы көп қатысушылар үн қатты.   «Домендер тіркеушілерінің техникалық шешімдері» секциясында DNS-желістеріне және домендік атаулар тіркеушісі жүйелеріне жүктемені қалай төмендетуге болатыны, шабуылдардан инфрақұрылымды қалай қорғау қажет және IDN-пошта үшін EAI стандартын ендіруді қалай жетелдету екендігі туралы сөз қозғалды. RIPE NCC және ICANN халықаралық стандарттар өкілдері жаңа хаттамалар мен сервистерді ендіру саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті. «Домендер маркетингі және баға құру» секциясының қатысушылары соңғы клиенттерге және b2b сегментіне бағдарланған тіркеушілердің пікірі бойынша бағаны құру стратегиясы, екінші доменді нарықта бағаны құру туралы айтты.

 

Конференцияның екінші күні  «Домендік индустриядағы білім беру жобалары» секциясымен ашылды, онда пайдаланушыларды ағартуға бағытталған тіркеушілер мен халықаралық ұйымдар жұмысы талқыланды. TLDCON 2017  қорытынды секциясы дәстүр бойынша заңды мәселелерге арналған. Қатысушылар әртүрлі елдердегі домендік дауларды шешу тәжірибесін салыстырып, домендік нарықты құқықтық реттеу тәжірибесімен бөлісті. ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің жоғарғы деңгейдегі ұлттық домендер әкімшілері мен тіркеушілерінің мерейтойлық 10-шы Халықаралық конференциясы (TLDCON 2017) өз жұмысын аяқтады. Келесі TLDCON конференциясы 2018 жылы Латвияда өтеді

https://www.zerde.gov.kz/kz/press/news/TLDCON-2017-%E2%80%93-t%D1%96rkeush%D1%96lerd%D1%96ng-qau%D1%96ps%D1%96zd%D1%96g%D1%96-men-yntymaqtastyghy/#hcq=QiKBRwq

Назад

       itkbanner                                                        Главная      Главная