Өткен аптада 6 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Орынбасары Жумагалиев Аскар Куанышевичтің төрағалығымен «Park Inn» қонақ үйінде (Астана қ.) көшпелі кеңес өтті.
Кеңесте ведомстволық бағынышты салаларда цифровизация мәселелеріне жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың басшылары және Қазақстандық IT-компаниялар ассоциациясына кіретін отандық IT-компаниялардың өкілдері қатысты. Талқылауға IT-саласын дамыту бойынша Жол картасы және «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асыруға жоспарланған мемлекеттік органдардың жобалары талқыға салынды. Шамамен бір жыл бұрын Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Зерде» Холдингімен бірлесе отырып IT-саланы дамыту бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысты жұмыстар бастады.
Бір жыл ішінде осы жоспар мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес өкілдермен бірнеше рет талқыланған болатын. Осыған дейін де Асқар Жумагалиевтің төрағалығымен 21 қыркүйекте өткен кеңесте Жол картасы жобасын бірқатар іс-шаралармен толықтыру ұсынылған болатын, оның ішінде: электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық жасақтаманың сенімді өнімінің Реестрін жасау; ҚР блокчейн технологиясы мен криптовалюталарды пайдалану мәселелері бойынша заңнамаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелерін пысықтау; ШОБ кәсіпорындарының стандарттарын әзірлеу.
Жалпы Жол картасы келесі бағыттағы іс-шараларды қамтиды: Институционалдық реформалар; IT-компанияларды қолдау механизмі мен салықтық және кедендік жеңілдіктер беруді қамтитын мемлекеттік IT-саланы қолдау шаралары; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары; IT-сала үшін адам капиталын дамыту; IT-компанияларды өрлету. Талқылау барысында қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарға толық қамтылған жауап алды, IT-саланың барлық өкілдерінің мүддесін толығырақ қамтуға мүмкіндік беретін жаңа ұсыныстар енгізді
https://zerde.gov.kz/kz/press/news/IT-salasyn-damytu-boyynsha-gol-kartasyn-talqylau/#hcq=NaX9szq