5 қазан күні Астанада, Қазақстан тарихында тұңғыш рет өткізіліп отырған «Astana Media Week» атты апталықтын екінші күні өтті.
Бүгінгі күн «Astana Digital Forum» тақырыбымен белгіленіп, елімізді цифрлау мәселелері талқыланды. Аталмыш шараны ұйымдастырушы — «Select Communication Group». «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингінің Басқарма Төрағасы Руслан Сәтбекұлы Еңсебаев сөз сөйлеп, өз көзқарасын білдірді. Басқарма төрағасы «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына тиесілі көкейкесті мәселелері жайлы қысқаша айтып өтті.
Оның ішінде:
- Цифрлық Жібек жолын іске асыру
- Креативті қоғамды дамыту
- Экономика салаларындағы цифрлық түрлендірулер
- Белсенді мемлекетке көшу сияқты бағдарламаның ең басты сұрақтарына шолу жасады.
Сонымен қатар, Руслан Сәтбекұлы «Ашық өкімет» қызмет көрсету сервисінің дамуы, «Astana hub» технопаркінің ашылуы жайлы мәлемдеді және бұқараны толғандыратын сұрақтарға жауап берді. «Astana Media Week» қазақстандық медиааптасы — бұл кең көлемдегі салалық іс-шаралар желісі. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен өткізілетін, Орталық Азиядағы ең ірі медиа-оқиға. Astana Media Week 2017 негізгі мақсаты — отандық медиа сфераны дамыту және өңірлік деңгейде индустриядағы іскерлік қатынастарды ілгерлету
https://zerde.gov.kz/kz/press/news/Astana-Media-Week/#hcq=zQcaszq