JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>

2017 ж. 19 қыркүйекте Астанаға халықаралық «Астана» қаржы орталығы (AIFC FinTech) ұйымдастырған «FinTech Innovation Day» стартап-конференциясына қатысу үшін Тим Дрейпер келген. Ол - Draper Associates жүйесінің және технологиялық компанияларға венчурлық инвестиция салудың әлемдік көшбасшысы болып табылатын Draper Fisher Juvertson венчурлік компанияның негізін салушының бірі

Тим туралы бірнеше деректер:

• Гарвардты бітірген ең табыстылардың 46-шы тізімінде;

• Forbes Midas тізімінде 7-ші орында;

• Always On нұсқасы бойынша венчурлік капиталистердің арасында 1-ші орында;

• Worth Magazine нұсқасы бойынша 100 ең ықпалды адамның 98-ші орнында

 

Конференцияға қатысушылар алдындағы өз сөзінде ол адамдар өміріндегі технологиялардың өскелең рөлін атап өтті, алдына ілкімді мақсаттар қоя алатын батыл да шешімді инноваторларды іздейтіні туралы әңгіме шертті. Сондай-ақ Қазақстанның технологиялардың өркендеуі жөніндегі озық ел болғанын көретіндей өмір сүретініне сенім білдірді. Қазақстан нарығының қаржылық-техникалық ахуалы, оның даму келешектері туралы баяндамалармен халықаралық «Астана» қаржы орталығының басшылары Нұрлан Құсайынов пен Әсел Жиенбаева, сондай-ақ «Astana Innovations» АҚ Басқармасының тең төрағалары Марат Омаров, Олжас Сартаев жасады.

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық экожүйені дамыту жөнінде «Зерде» Холдингі» АҚ Басқармасының төрағасы Руслан Еңсебаев әңгімелеп берді. Ол технологиялық компанияларды дамыту және инновациялық жүйені құру үшін collaborative innovation ұстанымдарын қолданудың өте маңызды екенін атап көрсетті, онда корпоративтік сектор, мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары, жекеменшік кәсіпкерлер және басқа да қатысушылар іске қосылатын болады.

 

Көрме аймағында конференцияға қатысушыларға құжат айналымын, ТКШ аясын автоматтандыру, қоқысты қайта өңдеу, энергия тиімділігі салаларындағы қазақстандық стартап-жобалар көрсетілді. Іс-шара нәтижелері бойынша 5 үздік стартапов FinTech Festival Singapore 2017 фестиваліне қатысу үшін тегін билеттер алады

https://zerde.gov.kz/kz/press/news/FinTech-Innovation-Day/#hcq=JWxaszq

       itkbanner                                                        Главная      Главная