JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>

Картинки по запросу Вице-премьер Асқар Жұмағалиев БАҚ басшылармыен кездесу өткізді

 

Астана қаласында Премьер-министр орынбасары Асқар Жұмағалиев және Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесті. Бейресми кездесу барысында Асқар Жұмағалиев пен Дәурен Абаев «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасы туралы және Республикамызда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.

Тілшілер сұрақтарына жауап бере отырып, Асқар Жұмағалиев мемлекеттік бағдарламаның дер кезінде қабылданғаны туралы айтты және де Қазақстан Үкіметіне цифрлік технологияларды енгізуді жүзеге асыру мәселесінде ауқымды жұмыс атқару керектігіне тоқталды.

«Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша Үкімет тарапынан мемлекеттік бағдарлама жасалған болатын. Өз жолдауында Президент ақпарттық-технологиялық шешімдерді енгізу қажеттігін айтты. Цифрландыру – заман талабы. Қазіргі таңда цифрлік технологиясыз жетістікке жеткен кәсіпорынды елестету мүмкін емес, ондай өндірушілер тауарының сапасы мен бағасында үтылып, бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Ойлап көріңіздер өндірісте 10% адами факторға яғни адамның қателіктеріне байланысты. Цифрлік технологиялар мұндай жағдайды болдырмайды». – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Ақпарат және коммуникациялар министрі «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасының денсаулық сақтаудан бастап, өндіріске дейін барлық саланы қамтитындығы туралы айта келе, жобаларды комплексті түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударды.     

Кездесу барысында «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Руслан Енсебаев жобаны жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстың басталып кеткендігін және әр мемлекеттік органда Бағдарламаның жүзеге асырылу барысын қадағалап отыратын цифрландыруға жауапты офис құрылғандығы туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетсек, «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасы  2017 жылдың 12 желтоқсанында қабылданды және ақпараттық технологияларды экономиканың бес бағыты бойынша енгізу көзделуде. Олар: «Экономика салаларын цифрландыру», «Цифрлық мемлекетке көшу», «Цифрлық жібек жолын іске асыру», «Адами капиталды дамыту», «Инновациялық экожүйені құру». Аталған бағыттар бойнша 2018-2022 жж. аралығында 120 іс-шара жүзеге асырылады.

 

Назад

       itkbanner                                                        Главная      Главная