JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>

Картинки по запросу Астана қаласында Цифрлік және Миграциялық ХҚКО ашылды

 

Астана қаласында Цифрлік және Миграциялық халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Цифрлік ХҚКО ашылу салтанатына ҚР вице-премьері Асқар Жұмағалиев пен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысты.

ХҚКО аталған бөлімі мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жасалған «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасының аясында ашылды.

Цифрлік ХҚКО мемлекеттік қызметтер алу жүйесі толығымен автоматтандырылған және операторлардың қатысуысыз жүзеге асырылады. Орталықта еліміздің азаматтары операторлардың қатысуысыз өз беттерінше электронды-цифрлік қолтаңба алып, 700-ден астам электронды қызмет алатын  «Connectionpoint» орналасқан. Қажет болған жағдайда барлық құжаттарды сымсыз принтер арқылы шығарып алуға болады.

Сонымен қатар азаматтар өздерінің электронды қолтаңбалары немесе бір рет қолданатын пароль арқылы 22 түрлі анықтама мен қызмет алатын «қоғамдық қолжетімділік пункті» қарастырылған. Онлайн-кеңес беру және мемлекеттік органдар басшыларына онлайн түрде арыз-шағым жіберу кабинеті орналасқан. «Электронды үкімет» порталының қызмет түрлерін өз бетінше алуды үйренгісі келетіндер үшін тегін сынып ұйымдастырылған, ол жерде оқулар мен семинарлар өткізіліп тұрады. 

Сапар барысында Ақпарт және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Цифрлік ХҚКО «бір өтінім» принципі бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп, халықтың цифрлік сауаттылығын арттыруындағы маңыздылығын атап өтті.  

Сынамалы түрде ашылған миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасының аумағындағы шет ел азаматтары мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципі бойынша алатын болады. Егер шет ел азаматтары еңбек етуге қажетті құжаттарды алу үшін бұрын 5 күн жұмсаса, аталған орталықта 60 минут уақыттарын жұмсайды. Бұл орталықта дәрігерлік тексеру, дактилоскопиядан өтіп, сақтаныдру полисін, ЖСН және құжаттарын алуға боады. 

 

Назад

       itkbanner                                                        Главная      Главная