2 ақпан күні «Жаһандану дәуірінің цифрлық күн тәртібі» халықаралық форумының шеңберінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен «Өнеркәсіті цифрландыру» атты панельдік сессия өтеді.
Панельдік сессияға қатысушылар: өндірісті автоматтандыру мен басқару бойынша Фраунгофер атындағы институттың консультативті кеңесінің төрағасы Бургхард Шиль, ЕЭК өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Готовский Александр, РФ Өнеркәспіті дамыту қорының бас директорының орынбасары Распопов Владимир, POSCO ICT маркетинг бойынша тобының жетекшісі Сунг Вон Джо, «Байтерек» ҰБХ АҚ Басқарма Төрағасы Арифханов Айдар, «Евразийская группа» ЖШС Басқарма Төрағасы Шахажанов Серик, «Казцинк» ЖШС бас директоры Александр Хмелев.
Форумға қатысушылар өнеркәсіпті цифрландырудың өзекті мәселелерін, заманауи тенденцияларды, индустрияның жетістіктері мен келешегін талқылайды.
Басталуы сағат 17.00-де.
Өтетін орны: Ritz Carlton Almaty
Бизнес-Центр Есентай Тауэр, Әл-Фараби 77/7, Алматы қаласы, 050040
Tel.: +7 7017735691, e-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.