Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Бұл жиынға Премьер-министрдің орынбасары, ҚР Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Премьер-министрдің Канцеляриясы, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен БАҚ басшылары, ведомствалық ұйымдар қатысты.
2017 жылы атқарылған жұмыстар мен 2018 жылғы жоспарлар бойынша ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, ведомствалық ұйымдары мен министрліктің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері баяндама жасады.
Өз сөзінде Дәурен Абаев 2017 жылы жоспарланған ақпарат, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттік қызмет көрсету салалары бойынша жұмыстар толық атқарылғанын атап өтті.
Министр 2018 жылы жүзеге асуы тиіс жоспарлар туралы айтты. Сондай-ақ, негізгі бағыттарды айқындап, нақты жоспарлардың орындалуын қадағалау бойынша ведомствалық ұйымдарға тапсырма берді.
«Президенттің осы жылғы Жолдауы министрліктер үшін ерекше маңызға ие. Өйткені оның негізгі бөлігі цифрландыруға арналған. Президент барлық саланы цифрландыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, қаржы секторы, білім мен денсаулықсақтау, мемлекеттік басқару салалары бар», - деді Даурен Абаев.
Биылғы жылғы жоспарлардың арасында:
- Интернет пайдаланушылардың санын 78% жеткізу;
- ІТ қызметіндегі жергілікті мазмұн санын 26% жеткізу;
- Технопарк, инкубатор және акселераторлармен қолданатын стартап компаниялар көлемін екі жүзге жеткізу. Сондай-ақ, кем дегенде 33 стартап «Astana Hub» технопаркі арқылы өтуі тиіс.
7 ақпан күні Астана Хаб базасында бірінші инкубациялық бағдарлама іске қосылды. Ол жерде 14 жоба таңдалып алынды.
2017 жылы Интернет-тұтынушылар 137 мемлекеттік арасында 36 орынға орныққан. Осылайша 5 сатыға жоғарылады. Интернет-тұтынушылар халықтың 77% құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4% артық.
Сонымен қатар, «ҚР ауылдық аймақтарында талшықты-оптикалық байланыс жүйелерінің құрылысы» жобасын қолға алды. Жоба бойынша 2020 жылы 1 249 елді мекенде қамтитын болады.