JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>

Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдеріне қатысты жасап жатқан жаңа стратегиясына цифраландыру мен әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ден қойылуын қосуды ұсынады

 

1 2

ТАШКЕНТ, 2018 жылғы 26 наурыз – Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ өзара тиімді ынтымақтастықты оданәрі дамытуға нық ниеттілі,сонымен бірге ЕО өңірдің қауіпсіз, тұрақты және орнықты дамуына қолдау көрсетуге бекем екендігін жалғастырады.Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында Еуропалық Одақ-Орталық Азия форматында өткізілгенСыртқы істер министрлерініңбейресми кездесуінің жалпы лейтмотивіосы болды.

Бұл іс-шараға Қазақстан делегациясын Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов басқарып келді. Кездесуге Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлері және Түркіменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары және Еуропалық Одақ делегациясын ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі - Еурокомиссияның вице-президенті Фредерика Магерини қатысты.

Еуропа тарапы 15 наурызда Астанада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірінші жұмыс (консультативтық) кездесуінің жемісті қорытындысыжөнінде хабардар етілді.

Еуропалық Одақ Орталық Азия мемлекеттері үшін сыртқы саясижәне сауда-экономикалық және инвестициялық басты әріптестердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары олардың арасындағы диалог пен ынтымақтастық жаңа қарқын ала бастады. Өз кезегінде жыл сайын өтетін Министрлік конференциялар алаңы ынтымақтастықтың өзекті сұрақтары мен болашақ перспективаларын іс-жүзіндегі жазықтықта талқылауға жақсы мүмкіндік бере отырып, өзара іс-қимылды тереңдетуге елеулі үлес қосуда.

Жиынға қатысушылар Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы екіжақты қатынастың жай-күйін жан-жақты қарап шығып, өңірішілік өзара іс-қимылдың оң динамикасынақошемет көрсетті. Өңірдегі соңғы оң үрдістердің Еуропалық Одақ пен өңір арасындағы ынтымақтастық үшін кең перспективалар ашатыны ерекше атап өтілді.

 

1 4

Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап берген рухани жаңғыруға бағдарланғанбағдары Еуропалық Одақпен өмір тіршіліктің түрлі салаларында ынтымақтастық бағытта жаңа көкжиектер ашатынын атап өтті.

Тараптар өңірлік қауіпсіздік, өңірдің экономикалық дамуы және ЕО-ОА кең форматтық өзара іс-қимылының, соның ішінде Орталық Азия бойынша қазіргі кезеңде жаңартылудағы ЕО стратегиясының шеңберінде ынтымақтастықты тереңдетудің басымдылығын жалпы түсінуге бекінді.

«Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша Стратегиясын жаңарту жөніндегіЕО шешімін қолдайды және жақын арада жаңа құжаттың негізгі элементтеріне қатысты өз пікір-ойларын еуропалық тарапқа жолдайдын болады», - деп Қазақстан Сыртқы істер министріатап өтті. Бағдарламалық құжат 2019 жылдың ортасына дейін дайындалып, бекітіледі деп күтілуде.

Кездесу барысында қазақстандық тарап осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жаңғыртуды, нақты мақсаттар мен көрсеткіштерді анықтауды, жаңа инструиентарилер енгізуді ұсынды. Жаңа жаһандық үрдістер мен өңірлік қажеттіліктерді есепке ала отырып, адам капиталын дамыту,құқық жоғарылығын және мемлекеттік басқару сапасын қамтамасыз ету, жеке кәсіпкерлікті дамыту, соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін ілгерілеуіне көмектесу, баршасын қамтитын цифраландыруды алға бастыру, көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту, энергия тиімділігі мен жасыл технологияларды енгізу, қоршаған ортаны қорғау жалпы басымды бағыттар ретінде аталынды.

Өңірлік қауіпсіздік және Ауғанстанға көмек көрсету мәселелеріне айрықшаден қойылды. Өңірдегі орнықты қауіпсіздік оның болашақ гүлденуімен ажырамас байланыста екендігі айрықша атап өтілді.

Қазақстанның 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуібарысындаОрталық Азия елдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде Ауғанстанға қатысты қалыптасып кеткен орнықсыздық көзі деп қарау қатынасынан кетіп, керісіншесауда мен «өзарабайланыстылық» тұрғысынан өңірдің дамуы үшін үлкен мүмкіншіліктің қайнар көзі деп қарастыруға қол жеткізілді.

Бұл тұрғыда 2010 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан білім беру бағдарламасы оң бағасын алды. Бүгінгі таңда ауған қыздарын Қазақстанда оқытуға бағытталған жаңа көпжақты жобаның бірінші фазасыніске қосу еуропалық әріптестермен пысықталуда.

Ташкенттегі министрлік кездесу Орталық Азия елдері мен ЕО арасында өзара ықпалдасуды дамытудағы кезекті маңызды қадам болды. Тараптар талқыланған тақырыптар кешені бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді және ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша бірлескен күш-жігердің маңыздылығын растады.

Қатысушылар ЕО-Орталық Азия форматындағы тұрақты кездесулер сындарлы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа деген өзара мүдделіліктің барлығы рас екендігі жөнінде бір пікірге келді.

Осы форматтағы бұдан бұрынғы кездесу 2017 жылдың қараша айында Самарқанд қаласында өтті. Оның қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың негізгі жетістіктері мен перспективалық бағыттарын көрсетілген Бірлескен коммюнике қабылданды.

 

1 1   1 2   1 3   1 4

 

Назад

       itkbanner                                                        Главная      Главная