JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>

23 сәуірде цифрландыру күні өтті, онда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ҚР ЖС, ҚР ҚМ және ҚР СІМ жобалары талқыланды. Іс-шараларда мемлекеттік органдардың өкілдері, «Зерде» Холдинг және 27 қазақстандық АТ- компания мамандары қатысты. «Электрондық азаматтық істерге» ауысу жобасының презентациясы және сот отырыстарының электондық залын құру бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Серғазы Омаш таныстырды. Жобаның мақсаты –мінсіз және тиімді сот төрелігі жүйесі құру, сот жүйесіне сенімділікті арттыру, сот ісін жүргізуді оңайлату, оның жеделдігін, қолжетімділігін және айқындылығын дамыту. Жоба аясында азаматтық істерді қағазсыз түрде қарау, сот ісін жүргізуді оңтайландыруды, жеделдікті қамтамасыз ету және сот жүйесіне қолжетімділікті қарау жоспарлануда. ҚР Жоғары Сотпен бұдан бұрын «Сот кабинеті» сервисі, «Сот актілерінің банкі» жүйесі, «Талдау» форумы және басқа да жобалар бар бірқатар ақпараттық жүйелер енгізілген болатын. «Сот кабинеті» - ҚР сот органдарының электрондық сервисіне қожетімділікке арналған бірыңғай терезе. Сервис арыз-талаптар, өтініштер, қолдаухат ұсынуға, жеке сот істеріне қожетімділікке мүмкіндік береді. «Виртуалды сот» сервисі электрондық девайстар арқылы сот процесіне қашықтықтан қатысуға мүмкіндік береді.Пилоттық жоба Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында іске қосылды. С. Омаштың айтуынша, қазіргі уақытта 1418 сот залы аудио-, бейне- тіркеу жүйесімен жабдықталып, жүйе істерді орталықтандырылған түрде жүргізуге және қағаз түріндегі хаттамаларды алып тастауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ҚР ЖС электрондық қылмыстық іс шеңберінде ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірге сот шешімдерін сақтауға арналған блокчейн технолгиясын енгізуді жоспарлап отыр. Жоғары сот жобаларының презентациясынан кейін күн тәртібінде ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрліктерінің жобаларын талқылау тұрды. «Арнайы мақсаттағы геоақпарттық платформа» жобасымен ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығы басшысының орынбасары Шаяхмет Аширов таныстырды. Арнайы мақсаттағы геоақпарттық платформа (АГП) картографиялық материалдарды,геокеңістіктік деректерді, аумақты жедел жабдықтаудың инфрақұрылымдық мәліметтерін және экономика салалары бойынша жұмылдыру ресурстарын, террористік тұрғыда әлсіз объектілерді құжаттандыру бойынша материалдарды кіріктіруге негізделген. Жобаның мақсаты – әскери ұйым құрылымдарын және мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін геокеңістіктік ақпараттың өзекті және кешенді дерекқорын құру. Осы мақсатқа ГАЖ қосымшалары, аймақты талдау функциялары, әр түрлі мақсаттағы геокеңістіктік өнімдер жасау және аймақтың топографиялық карталары мен фото құжаттарын шығару мүмкіндігі бар геокеңістіктік дерекқорды жинау, топтастыру және визуалдауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу арқылы қолжеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, спикердің айтуы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында аудит жобасын жүзеге асыру және ҚР Қарулы күштерінде енгізілген барлық ақпараттық жүйелерді тексеру бойынша конкурс өткізу жоспарлануда. Қатысуға ниет білдіруші АТ-компаниялар мемлекеттік органға сәйкес хат жолдауы қажет. ҚР СІМ «Дипломатиялық қызметтің бірыңғай ақпараттық жүйесі» жобасын ұсынды, онымен ҚР Сыртқы істер министрлігі Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Азамат Букебаев таныстырды. Аталған жобаны жүзеге асыру аясында шетелдегі ҚР азаматтары үшін шамамен 18 қызметті автоматтандыру көзделген. Ол неке бұзу, бала асырап алу, мемлекеттік қызметкерлерге дипломатиялық/қызметтік төлқұжаттар беру және т.б. сияқты қызметтер. Сондай-ақ, ҚР СІМ-нің Ахуал орталығы да автоматтандырылуы қажет, Халықаралық келісім-шарт дерекқорын құру, Министрліктің функциялары мен міндеттерін, шетелге іс-сапарға бару процестерін автоматтандыру, консулдық жинақтарды автоматтандыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет. Спикердің айтуы бойынша жобаны ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жоба жоба алды кезеңде, осыған байланысты, Мемлекеттік орган нарық ұсыныстарын қарастыруға дайын. ҚР СІМ-нің екінші жобасы «E-residence» немесе электрондық резиденттілік инновациялық бағдарлама болып табылады, ол азаматтары болып табылмайтын мемлекет аумағында онлайн режимде бизнес тіркеуге, іске қосуға және басқаруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, e-resident мәртебесінің болуы елге визасыз кіру құқығын бермейді. E-resident бизнес жүргізу үшін қажетті мемлекеттік қызметтерге онлайн-қолжетімділік беретін ID карта алады. А. Букебаевтың айтуы бойынша жоба бірқатар артықшылықтар, оның ішінде Қазақстанда ШОБ дамытуға мүмкіндік береді. Спикер шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағында ашқан компания өз қызметін біздің елдің заңнамасы аясында жүргізетінін түсіндіріп айтты. Аталған жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Министрлік осы жобаны АТ-нарықпен бірлесіп жүзеге асыруға дайын

https://www.zerde.gov.kz/kz/press/news/tsifrlandyru-kuen%D1%96-qr-goghary-soty-qr-qorghanys-ministrl%D1%96g%D1%96-qr-syrtqy-%D1%96ster-ministrl%D1%96g%D1%96/#hcq=iHGGVRq

       itkbanner                                                        Главная      Главная