Бұл жолы Қызылорда облысында 299 тренер оқытылды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бағыты - адам каптиалын дамыту мақсатында, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Зерде» Холдингі» АҚ-мен бірлесіп, халықты цифрлық сауааттылыққа оқыту бойынша әдістеме мен 4 оқу бағдарламасын әзірледі.
Берілген тұжырымдама шеңберінде «Зерде» Холдингі» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» комерциялық емес АҚ және «ҰАТ»АҚ халықты цифрландыру сауаттылығының базалық және кәсіби дағдыларына оқытады.
Базалық дағдыларға 4 құзірет жатады:
1. Базалық цифрлық дағдылар
2. E-GOV дағдылары
3. OPENGOV дағдылары
4. E-COMMERCE дағдылары Базалық деңгейге қосымша, цифрлық сауаттылықтың кәсіби деңгейіне жататын екі құзірет бар:
5. Медиа дағдылар
6. Кәсіби цифрлық дағдылар
Еліміздегі цифрлық сауаттылық көрсеткішін 78,5%-ға жеткізу үшін 500 мыңға дейін адамды базалық құзіретке оқыту қажет. Оған мобильдік дағдылар, Интернетте жұмыс істеу, қауіпсіздік, деректерді қорғау және басқалар жатады. ҚР ҰЭМ статистикасы бойынша цифрлық сауаттылықтың бұл ұғымы 77,1%-ды құрайды. Цифрлық сауаттылық бойынша тренерлерді оқыту басқа обылыстарда жалғасуда