10 сәуірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚР ДСМ жобаларын талқылау бойынша Цифрландыру күні өтті. Кеңеске ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК өкілдері, «Зерде»Холдингі» АҚ сарапшылары және 20 Қазақстандық АТ- компания қатысты.
Күн тәртібіне келесі жобаларды талқылау қойылды:
1) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелердің әрекеттесуге бейімділігін қамтамасыз ету және ақпараттандыру үшін платоформалар енгізу;
2) мобильдік денсаулық сақтау элементтерін енгізу (mHEALTH), оның ішінде «Қашықтықтан кеңес беру»;
3) емдеу жоспарларын басқару және диагноз қоюға қатысты жасанды интеллект құру және енгізу;
4) медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу.
Жобаны «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-ның бас директоры Олжас Әбішев көрсетті. Алғашқы Әрекеттесуге бейімділік платформасы – бұл Қазақстан Республикасы электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай платформасын құру. Жобаның міндеттері: әрбір ҚР азаматының электрондық денсалық төлқұжатын қалыптастыру және жүргізу, жеке кабинетте медециналық алдын-ала жазылуларды жүргізу мүмкіндігі, әрбір азаматтың өз денсаулығы туралы ақпаратқа қолжетімділігі, пациенттер туралы толық және маңызды ақпараттарды автоматты түрде жинақтау үшін жүйенің әрекеттесу бейімділігі мен ықпалдасуын қамтамасыз ету. Спикерінің айтуынша денсаулық сақтауды ақпараттандыру АТ-компаниялармен бірге іске асырылады, бірақ алдымен бірыңғай жинақтауды сақтау мен деректердің талдамаларын құру үшін негізгі архитектураны көтеру қажет. Мемлекеттік орган АТ-компаниялардың соңғы пайдаланушы-пациентерден ақпараттарды жинақтау бойынша ұсынысына қызығушылық білдіреді. mHealth мобильдік денсаулық сақтау бағытын жеке нарыққа беру жоспарланып отыр, онда бәсекелестік ортада ҚР ДСМ бірыңғай платформасына мобильдік құрылғылардан жіберілген деректер талдамасын, оларды өңдеу, жинақтау бойынша тұрғындарға қызмет пайда болады. Өткен жылы «Патронаждық медбике» және «Баланың жас шағындағы күтімі» мобильдік қосымшасы әзірленді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қашықтықтан кеңес беру сервис үшін қамқорлыққа алу сенімділік контенті ресурсын әзірлеу ұсынылды. Келесі баяндамаға сәйкес еліміздің 8 аумағында медициналық ақпараттық жүйелерді (МАЖ) енгізу жүргізіліп жатыр, кейбір ұйымдар деректерді қағазсыз жүргізуге толығымен көшті. МАЖ жекеменшік әзірлеме болып табылады, алайда барлық ақпараттар Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай платформасына беріледі. Сондай-ақ ҚР ДСМ жасанды интелетіні енгізу,машиналық оқыту, диагноз қою үшін кескіндерді тану, пациенттердің денсаулық жағдайының динамикасына және емдеу жоспарына талдау бойынша жобаларымен айналысады Талқылау барысында пациенттер туралы ақпараттарды сақтау қауіпсіздігі туралы мәселе қозғалды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптары бойынша ҚР азаматтарына қатысты барлық медициналық мәліметтер Қазақстан аумағында сақталуы қажет. Сондай-ақ медициналық мекеме студенттері үшін МАЖ-ға ақпараттық қауіпсіздік бойынша курс енгізу ұсынылды. Цифрландыру күні қорытындылары бойынша толық есептілік келесі сілтемеде берілген:https://digitalization.astanahub.kz/projects/64 . Цифрландыру күндер мемлекеттік органдармен бірнеше ай бұрын алдын-ала жоспарланған. Оны өткізудің басты мақсаты мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындылығы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік жоспарланған жобаларымен нарықты таныстыру және оларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық