20 маусымда Біріккен корольдік елшілігінде жоғары технологиялар саласында қызмет ететін Intellisense.io британдық компаниясы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорымен «Intellisense – Lab» технологиялық даму орталығы» ЖШС бірлескен кәсіпорынын құру туралы келісімшартқа қол қойды.
Орталық Қазақстанның тау-кен-металлургия кешеніне шоғырланып, Индустрия 4.0 технологиясын құру және енгізумен айналысады. «Intellisense – Lab» орталығын құру цифрлық технологиялар енгізуде өнеркәсіпке қолдау көрсету, Индустрия 4.0 шешімдері саласындағы жергілікті қамту құрамын көбейтуге, мамандардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ инкубациялық бағдарламалар арқылы стартап-жобаларды дамытуға мүмкіндік береді. Орталық 2020 жылға дейін 10 тау-кен-металлургиялық өндірістік объектіде өндірісті автоматтандыру және оңтайландыру бөлігінде үздік тәжірибелерді ескере отырып, цифрлық технологиялар енгізуді және өндіріс көлеміне, ресурстардың тиімділігі мен қолданылуына қатысты операциялық өнімділік көрсеткіштерін 10%-ға дейін жақсартуды жоспарлауда. Сондай-ақ 2020 жылға дейін 1000 адамға дейінгі маманды автоматтандырудың алдыңғы қатарлы құралдарына оқыту жоспарланып отыр. «ИТП» ДКҚ және Intellisense.io «Зерде» холдингі» АҚ-мен бірігіп, бірлескен кәсіпорын аясында өзара әрекет ету шарттарын келісу бойынша жұмыстар жүргізді.
Холдинг қазақстандық қамту үлесін арттыруға және оқытылған мамандар санын көбейтуге қатысты сәйкес ұсыныстар мен ескертулер берді. Қазақстандық IT-компаниялар «Intellisense – Lab» орталығы қызметінің аясында өрістендірілетін аналитикалық платформа базасында өз шешімдерін орналастыру және қазақстандық қамтылымы 100% шешімдерді өндірістік объектілерге енгізу мүмкіндігін алатыны туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, аналитикалық платформа Қазақстанның IT-компанияларымен бірлесіп, Индустрия 4.0 аппараттық және сымсыз шешімдерді әзірлеу мүмкіндігін көздейді. Шешімдерді коммерцияландыру процесінде «Intellisense – Lab» орталығының технологиялар базасында қосымшалар әзірлейтін отандық технологиялық кәсіпорындарға артықшылық берілетінін айта кету қажет. Аталған өзара әрекеттесу Индустрия 4.0 бағыты бойынша жұмыс істейтін қазақстандық IT-компанияларды дамыту мақсатында технологиялар мен білім трансфертін жасау мүмкіндігін береді және Intellisense.io компаниясының технологияларын қолданудан сәйкес экономикалық және әлеуметтік әсерлер береді