JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>

2018 жылдың 6 қарашасында Астанада Astana Hub IT-стартаптар технопаркінің халықаралық презентациясы өтті. Іс-шара Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың, Қазақстанның және басқа елдердің ресми тұлғаларының, халықаралық IT-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өтті.

Презентация барысында қонақтарға Astana Hub-тың негізгі өнімдері, сонымен қатар EXPO павильондарының бірінде орналасқан инфрақұрылымы таныстырылды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Astana Hub-тың ғимаратын аралап, оған сол технопарк аумағында орналасқан Astana Hub-тың резиденттері — қазақстандық стартап-жобалар, халықаралық R&D зертханалар өз жұмыстарын таныстырды.

Astana Hub-тың халықаралық презентациясы барысында Қазақстанның Премьер-Министрі Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы «Smart Data Ukimet» тақырыбында баяндама жасады.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын 2018 жылдың 5-қарашасында халықаралық инновациялық Digital Bridge форумының сахнасында технопарк екі дебюттық стартап-іс-шараның финалын өткізді: Astana Hub Awards жүлдесі мен Astana Hub Battle сайысы.

Astana Hub технопаркі Цифрлық Қазақстан бағдарламасының бесінші бағытының аясында инновациялық экожүйені дамыту үшін Қазақстан Республикасының тапсырмасы бойынша құрылған.

Astana Hub технопаркінің жаһандық миссиясы – инновациялық жобалардың даму орталығы атанып, ілгері IT-компаниялар өсіріп, бүкіл әлемнің жас және талантты IT-мамандарының сыни массасын тартуға арналған тұғырға айналу.

2018 жылдың ақпан айында года Astana Hub алғашқы тапсырмаларын жүзеге асыра бастады. Олар — акселерация мен инкубация бағдарламасы, инфрақұрылым қалыптастыру, отандық және халықаралық ұйымдармен серіктестік орнату, заңнаманы жетілдіру.

Қазіргі таңда технопарк аумағында 146 стартап өз жобаларын жүзеге асыруда, оның ішінде 22 жоба — акселерация бағдарламасының түлектері, ал қалғандары — инкубация бағдарламасына қатысқан.

Astana Hub-тың халықаралық презентациясы – бұл Қазақстан үшін стратегиялық маңызды іс-шара, өйткені халықаралық IT-қауымдастықтың алдында еліміздің негізгі технологиялық орталығы таныстырылды.

       itkbanner                                                        Главная      Главная