2018 жылғы 5 қараша Астана қаласында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, «Зерде» Ұлттық инфокомуникация холдингі» АҚ және Astana Hub халықаралық технопаркі бірлесіп ұйымдастырумен «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы өтті.
Форумға халықаралық ІТ-қоғамдастығының басты өкілдері, технология саласындағы танымал сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер, әр елдердің мемлекеттік секторларының өкілдері, цифрлық әзірлемелер саласындағы кәсіби мамандар, ғалымдар, сонымен қатар венчурлық капиталистер мен инвесторлар қатысты.
Digital Bridge алаңында 50-ден аса қазақстандық және халықаралық спикерлер сөз сөйледі, олардың ішінде: Startup Genome бас директоры Жан-Франсуа Готье; CEO Hyperloop Transportation Дирк Алборн; кәсіпкер, Стартап академия кеңесшісі және ментор, стартап-тақырып бойынша бірнеше бестселлер авторы Боб Дорф; Галактика жеке меншік ғарыш компаниясының негізін қалаушы және иесі Алия Прокофьева; Priceline Group қоса негізін қалаушы Джефф Хоффман; венчурлық капиталдың халықаралық фирмасы Global Catalyst Partners төрағасы және тең мердігері Камран Элахиан бар.
Форум аясында ресми тұлғалар - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Эстония Премьер-Министрі Юри Ратас және Қырғызстан Вице Премьер-Министрі Замирбек Аскаров қатысқан, «Цифрлық экономика дамуының ғаламдық трендтері туралы диалог» пленарлық сессиясы өтті. Спикерлер халықаралық сарапшылармен бірге, цифрлық кәсіпкерліктің жаҺандық трендтері мен Қазақстанның жаһандық нарықтағы әлеуетін талқылады.
Форум шеңберінде Қазақстандағы цифрландыру саласындағы ең алғашқы сыйлық - Digital Bridge Awards табысталды. Қазақстан Республикасы Вице Премьер-Министрі Асқар Жұмағалиевтың төрағалық етуімен, төрешілер алқасы үш номинация бойынша сыйлық жеңімпаздарын анықтады.
Сонымен қатар, Digital Bridge форумының шеңберінде Astana Hub ІТ-стартаптар халықаралық технопаркі бастамашылық жасаған ерекше екі іс-шара өтті: Astana Hub Battle стартаптар жарысы және Қазақстанның стартап-индустриясы саласындағы Astana Hub Awards сыйлығы. Astana Hub технопаркі сыйлықтары мен стартап-жарыс жыл сайын өтеді деп күтілуде.
Сондай-ақ, Digital Bridge форумына қатысушыларға, оларды қызықтырған компаниялармен немесе іс-шараға қатысушылармен 30-минуттық 1:1 В2В кездесулер өткізуге мүмкіндік берілді.
Digital Bridge форумы бағдарламасында 9 панельдік пікірталас қамтылып, шақырылған спикерлер экожүйелердің тұрақты стартаптарын құру; мемлекетті цифрландыруда Blockchain технологиясын қолдану; электрондық үкіметтің дамуына жаңа ақпараттық технологиялардың әсері; ғарыштық инновациялар, Қазақстан технологиялық кәсіпкерлерінің жаңа келешегін қалыптастыру жолын және инновациялық дамудың басқа да тақырыптарын талқылады.
Digital Bridge – Қазақстандағы биылғы жылы өтіп отырған басты инновациялық оқиға. Қатысушылар форумның диалогтік алаңында цифрландыру саласындағы соңғы әлемдік трендтерді талқылап, алдыңғы қатарлы тәжірибелермен және бизнес-модельдермен бөлісті.
Digital Bridge форумы цифрлық трансформация, электрондық үкімет, технологиялық кәсіпкерлік және 4-ші өнеркәсіптік революция идеяларын ілгерілетуге арналған Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы диалогтік алаңды құрайтын жыл сайынғы іс-шара болады деп көзделуде.
Digital Bridge демеушілері және әріптестері:
Eurasian Resources Group халықаралық компаниялар тобы, BTS Digital ЖШС, Cisco америка трансұлттық компаниясы, Lenovo Limited Group халықаралық технологиялық компаниясы, Nokia трансұлттық компаниясы, Microsoft трансұлттық компаниясы, Huawei халықаралық телекоммуникациялық компания, Dell америкалық корпорация және Қазақстан Республикасының ірі байланыс операторларының бірі “Транстелеком” АҚ