Отандық 23 АТ-компаниялар Өзбекстан Республикасының мемлекеттік органдарына және бизнес өкілдеріне электрондық үкімет, денсаулық сақтау, білім, көлік, қауіпсіздік салалары үшін 60 АТ-шешімдерін ұсынды.
Аталған жобалар Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары А.Қ.Жұмағалиевтың және Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің Бірінші орынбасары А.Раматовтың кездесулері және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және Өзбекстанның цифрлық трансформация бағдарламасы ынтымақтастық мәселелері аясында өтті.
Өзінің алғы сөзінде Асқар Жұмағалиев өзбек әріптестеріне бірлескен ынтымақтастыққа қызығушылық білдіргені үшін алғыс айты. Сонымен қатар, қазақстандық компаниялардың өз өнімдерін табысты енгізу бойынша тәжірибесін атап өтті.
Кездесу нәтижелері бойынша тараптар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Атап айтсақ, қазақстандық АТ-компания «Казтелепорт» АҚ мен ЖАКБ «Universal Bank» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ Өзбекстан Республикасының «Электрондық үкімет» жүйесін дамыту Орталығымен және UZINFOCOM мемлекеттік ақпараттық жүйесін құру және қолдау жөнінде Бірыңғай интеграторымен ынтымақтастық және келісім туралы меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар, бірқатар меморандумдар мен келісімдер жұмыс барысында. Кездесуге отандық АТ-компаниялардан басқа еліміздің атынан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар Министрлігі, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» және басқада ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесудің бағдарламасы және ІТ-компаниялардың ұсынылған АТ-шешімдері сілтемеде: https://digitalization.astanahub.kz/projects/135