Цифрландыру және баламалы энергетика бойынша қазақстан-француз форумы Канн қаласында (француз Республикасы) өтті.
60 ірі компания цифрлық технологиялар және «жасыл» энергетика салсындағы перспективаларды талқылады.
30-дан астам мүдделі қазақстандық сарапшылардын құралған Қазақстан тарапы елдің инвестициялық мүмкіндіктерін, сондай-ақ мемлекеттік қолдау жүйесін және цифрлық технологияларды және баламалы энергетика саласын дамытудағы ынталандыруды көрсетті.
Форум барысында «Kazakh Invest» және «Астана» халықаралық қаржыландыру орталығының басшылары француз бизнесмендеріне қандай жеңілдіктер ұсынылғаны туралы айтты. Талқылау барысында әріптестік жылдарында Франциядан тікелей қазақстан экономикасына салынған инвестиция сомасы 33 миллиард еуроны құрайтындығы атап өтілді.
Шетелдік инвесторларды бизнесті жеңіл жүргізу, сондай-ақ Орталық Азия және Еуразия одағының көршілес нарықтарға қолжетімділігі тартады.
Сондай-ақ спикерлер цифрландыру және баламалы энергетика жобаларын инвестициялаудың артықшылықтарын көрсетті.
«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Е.Д. Дурмағамбетов форумда іске асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы туралы баяндама жасады. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы жылдарының қорытындылары бойынша тек отандық стартап жобаларға 37,3 млн доллар инвестиция тартылған.
CNCR Group компаниясының президенті Кристоф Росси Қазақстанның цифрлық эволюциясына қатысуды жоспарлап отырғанын айтты. «Қазақстанның цифрлық эволюциясына қатысу жоспарда бар, сондай-ақ даму және шешімдерімізді дамыту үшін жергілікті әріптестер тапқымыз келеді. Деректерді сақтау және мұрағаттау үшін Қазақстанда DATA орналастыру бойынша жоспарымыз бар», – деп пікір білдірді К. Росси.
Форум қортындылары бойынша ақпараттар жүйесі мен күн панельдерін шығарушылар қазақстандық әріптестермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
источник: https://zerde.gov.kz/kz