JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>

12 наурызда Astana Hub-та «Цифрландыру: Эстония тәжірибесі» атты халықаралық форумы өтті.

Еуразиялық инвестициялық платформа ұйымдастырған іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Білім, Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрлері (CDO), ҚР-дағы Эстон Республикасы Елшілігінің, Taltech Таллин техникалық университетінің, «Зерде» Холдингі» АҚ және т.б. өкілдері қатысты.

Форумның шетелдік қатысушылары ел экономикасының түрлі салаларына цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесі және оның эстондықтардың өмір салтына қалай әсер еткендігі туралы айтып берді.

Бұрын Эстон Республикасында білім министрі және қорғаныс министрі лауазымын атқарған Taltech Таллин техникалық университетінің ректоры Яак Аавиксоо құттықтау сөз сөйледі. Яак Аавиксоо қатысушыларға Эстонияда цифрлық платформаның қалай дамығаны және табысты нәтижелерге қол жеткізу үшін Үкіметте қандай қағидаттар басшылыққа алғандығы туралы айтып берді.

«Цифрландыру» ұғымына көзқарас маңызды. Цифрландыру - бұл технологиялық проблема емес, ол адамдардың өмір салтын өзгертуді білдіреді. Цифрландыру - бұл өзіндік мақсат емес, ХХІ ғасырдың талабы», - деді Я. Аавиксоо.

Спикердің айтуынша, Эстонияда 60 жыл бұрын кибернетика саласындағы зерттеулер басталып, елдегі технологияларды кеңінен дамытуға ықпал еткен.

«Біздің еліміз тәуелсіз ел ретінде алғашқы күннен бастап банктердегі қағаз айналымын электронды жүйеге ауыстырдық., 1995 жылы 2 млн. АҚШ долларын бөле отырып 1000 мектеп интернетке қосылды. 5 жылдан кейін Эстониядағы барлық мектептер желіге қол жеткізді. Біз үлкен мақсат қойып, ұзақ мерзімді перспективада барлық жастар технологиялық трендтер толқынында болатынын түсіндік», - деп атап өтті Я. Аавиксоо.

TalTech ректорының айтуынша, халықтың сенімі мен серіктестігі Эстонияның цифрлық платформасын дамытуда өз жемісін берді. Үкімет қолжетімділікті бақылау құқығымен, азаматтардың өз деректеріне тек қана авторланған қолжетімділігі қағидатын ұстанады.

Сондай-ақ, Форумда Эстонияның шекарадан өту кезінде броньдаудың электрондық жүйесін енгізудегі, порттарды цифрлаудағы тәжірибесі, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тәжірибесі талқыланды. 2007 жылғы ірі кибершабуылдан кейін Елде киберқауіпсіздікке арналған үлкен жұмысты бастады. Я. Аавиксооның айтуынша, киберқауіпсіздік-цифрландырудың басқа жағы. Сондықтан TalTech ақпараттық қауіпсіздік бойынша кадрлар даярлауға, сондай-ақ басқа елдермен адам капиталын дамытудағы ынтымақтастыққа бағытталған.

Осылайша, форум қорытындысы бойынша Таллин техникалық университеті Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркімен, сондай-ақ Еуразия инновациялық университетімен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

 

источник: https://zerde.gov.kz

       itkbanner                                                        Главная      Главная