JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>


Бүгін елордада өтіп жатқан АЭФ-2019 шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов «Индустрия 4.0 және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі» панельді сессиясында сөз сөйледі.

Әлем ақпараттар, идеялар мен жаңалықтарды қамтитын деректердің ағындары арқылы анықталған цифрлық  жаһандану дәуіріне енді. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың 25% мемлекет, бизнес және қоғамның тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін цифрландыру технологияларын енгізуге көшеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атынан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, қабылданды, оған сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі цифрлы технологияларды белсенді түрде енгізетін кәсіпорындарымызды қолдау үшін қажетті экожүйені құруға бағытталған ынталандыру шараларымен шұғылданды.

Вице-министр цифрландыру мәселелері бойынша ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар - «Glencore», «ArcelorMittal», «ERG», «Polymetal» өздерінің өнеркәсіп салаларында төртінші индустриалды революция технологиясын енгізу жөніндегі жобаларды өзбетінше жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

«Цифрлық технологиялар енгізілетін жаңа өндірістердің мысалында біз компаниялардағы процестердің тиімділігін өсіруге және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қалай көмектесетінін көріп отырмыз. Аталған компаниялардың 2018 жылы іске асырылған жобаларының экономикалық тиімділігі 50 млн. АҚШ долларынан асты (20 млрд. теңге)»,-деді А. Ержанов.

Ол Қазақстан қазіргі уақытта цифрлы технологияларды индустрияға енгізу үшін белсенді түрде жағдай жасауда деп атап өтті.

Биылғы жылы ірі жүйе құрайтын  кәсіпорындардың оң жұмыс тәжірибесі елдің өңірлеріне берілетін болады. Осылайша, 100-ден астам кәсіпорындарды цифрландыру бойынша белсенді жұмыс 2022 жылға дейін жалғасады.

«Өңірлік кәсіпорындарды цифрландыру бойынша жұмыстар Астана хабының технопаркінде өткізіледі, онда индустриалдық,инновациялық жобалар мен стартап  жобаларын қолдау және ынталандыру үшін Бірыңғай порталды құру жоспарланып отыр. Портал технологиялық тапсырмаларды жинау және олардың шешімдерін табу, жобаларды жеделдету және қаржыландыру, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша жұмыс істейтін болады », - деді өз сөзінде Аманияз Ержанов.

«4.0 саласы мен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі» панельдік сессиясының спикерлері:  Гарвард университетінің экономика профессоры, ХВҚ-ның бас экономисі Кеннет Рогофф, Ресей Федерациясы Президентінің цифрлық және технологиялық даму жөніндегі арнайы өкілі Дмитрий Песков, «Қазақтелеком» АҚ  мультисервисті операторы басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев, ЕЭК Экономикалық ынтымақтастық және сауда бөлімінің инновациялық саясат бөлімінің бастығы Андерс Йонссон, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Еуразиялық бағыт бойынша жетекшісі Анастасия Калининалар болды.

                      
источник: miid.gov.kz

       itkbanner                                                        Главная      Главная