Жұмыс сапарының негізгі мақсаты қалалық инфрақұрылым мен аэроғарыш саласын цифрландыру объектілерінде болу, сондай-ақ 5G байланыс желісінің мүмкіндіктерін көрсетуге қатысу болды.
Асқар Жұмағалиев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен бірге «ақылды қала» жобасын іске асыруда бесінші буын желілерін қолданудың техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Ұйымдастырушылар мобильді және тіркелген сымсыз кеңжолақты қолжетімділік салаларындағы технология мүмкіндіктерін көрсетті.
"Бесінші буын технологиясы "ақылды" қалаларды құру үшін қажет жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Мысалы, жол қозғалысын басқару, ауа-райын және басқа да "smart cities" элементтерін бақылау кезінде интернеттің сапасы мен жылдамдығы өте маңызды. Елімізде 5G технологиясын дамыту "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыруға да мүмкіндік береді»- деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.
Тестілеу барысында аса жоғары жиіліктегі диапазондарда жұмыс істеуге қабілетті құрылғының прототипі ұсынылды. Таныстырылым барысында деректерді жүктеудің ең жоғары өткізу қабілеті бір құрылғыға есептегенде 15 Гбит/с-ті құрады. Мұндай параметрлер жаңа қосымшаларды дамытуға, сондай-ақ инновациялық технологияларды пайдаланудың өнеркәсіптік сценарийлерін енгізуге мүмкіндік береді.
источник: http://mdai.gov.kz