JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі. Заң жобасының негізгі жаңалықтарының бірі "Е-Шаңырақ"деп аталатын шартты түрдегі атаумен тұрғын үй қоры мен ТКШ-на ақпараттық жүйесін енгізу болып табылады.

Бұл жүйенің тұжырымдамалық архитектурасы тұрғындардың, басқарушы компаниялардың, табиғи монополиялар субъектілерінің, басқару органдарының, жергілікті атқарушы органдардың жеке кабинеттерін біріктіреді. Осылайша," Е-Шаңырақ "КҚТҮ (көп қабатты тұрғын үйлер) басқару органдарының ашық қызметін қамтамасыз етеді, тұрғындар шығындар мен кірістер бойынша есептілікті көре алады; электронды дауыс беру арқылы үйді басқару және ұстау бойынша шешім қабылдай алады. Сондай-ақ үйге қызмет көрсету бойынша электрондық өтініш (шағым, хабарлама және т.б.) бере алады және оның орындалуын қадағалай алады (тұрғындармен кері байланыс).

"Е-Шаңырақ" алаңында пәтер иелері қандай да бір шешім қабылдау кезінде дауыс бере алады, ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы мәліметтер алады, басқару органдарынан уақытылы есеп алады және басқару органының қызметін бағалай алады. 

Өз кезегінде, бұл жүйе кондоминиум объектісін басқару органдарына тұрғындардың барлық сұрақтарына, шағымдары мен ұсыныстарына уақтылы жауап беруге, тұрғындардың жалпы жиналысын өткізбей электронды дауыс беруді өткізуге, ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы деректерді, сондай-ақ тоқсандық және қорытынды есептерді орналастыруға, тұрғындарды басқару органының жоспарланған, өткізілетін және өткізілген жұмыстары туралы хабардар етуге мүмкіндік береді. 

Өз тарапынан мемлекеттік органдар сондай-ақ "Е-Шаңырақ" жүйесінде КҚТҮ басқару органының қызметіне бағалау жүргізе алады, ақша түсімдері мен шығыстарына мониторинг жүргізе алады, жоспарланған іс-шаралар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар мен т. б. туралы басқару органдарына хабарлай алады.

Естеріңізге сала кетейік, 19 маусымда ТКШ саласын реформалау үшін ҚР ИИДМ әзірлеген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Мәжілісте мақұлданды. Заңға енгізілген түзетулер Сенатта қарастырылуда.

 

 

 

Пресс-служба МИИР РК

       itkbanner                                                        Главная      Главная