JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>

Гранттар мен несиелер беру, лизинг және субсидиялау тетігін пайдалану, мамандардың біліктілігін арттыру және жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау. Осы және басқа да бірқатар мәселелерді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек кәсіпкерлермен өткен бизнес-таңғы ас кезінде талқылады.

Министрлік электрондық өнеркәсіп саласындағы отандық компаниялар мен ғылыми ұйымдардың басшыларымен кездесулерді  тұрақты түрде өткізіп тұрады,  бірақ  бизнес-таңғы ас форматындағы  бұл алғашқы кездесу. Осы жолы 30-ға жуық кәсіпкер мен ғылыми сала өкілдері мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы нақтырақ білу үшін, сондай-ақ кооперация мен одан әрі ынтымақтастықты ұйымдастыруды талқылау мақсатында бас қосты.

Асхат Оразбек электрондық өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін шешуде Министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталып, қазіргі кезде аталған саланы дамытудың  әлеуеті айтарлықтай екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда электрондық өнеркәсіп өнімдерін өндіретін 64 кәсіпорын бар. Электрондық бұйымдардың жалпы сыртқы сауда айналымы өткен жылы екі миллиардтан астам АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, жүргізілген талдау нәтижесінде біз импортты алмастыру үшін басымдық берілген салаларды анықтадық, олардың өнімдері қазір орташа есеппен 92 млрд теңгеге бағаланады. Яғни, бұл сіздер өндіруге болатын өнімдер және біздің міндетіміз сіз үшін барлық жағдайды жасау, - деп атап өтті Асхат Оразбек.

Кездесу кезінде келіп түскен барлық сұрақтар мен кәсіпкерлердің ұсыныстары жан-жақты қаралып, пысықталатын болады.

 

 

источник: mdai.gov.kz

       itkbanner                                                        Главная      Главная