Асқар Жұмағалиев жалпыреспубликалық акция аясында азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтармен кездесу барысында деректер базасын интеграциялау, отандық IT-шешімдерді қолдау, "iKomek 109" қызметінің жұмыс принциптерін кеңейту, ақпараттық қауіпсіздік және т. б. мәселелер көтерілді.
Біздің бүгінгі кездесулеріміз өте табысты өтті. Азаматтар өздері пайдаланатын сервистердің кемшін тұстарын,біздің әрекет етуімізді қажет ететін кейбір жүйелік проблемалар туралы айтты. Біз бұл мәселелерге назар аударамыз. Сонымен қатар, қабылдауға келген азаматтар бірқатар ұсыныс білдірді. Біз оларды мемлекеттік органдардағы бизнес-үдерістерді одан әрі автоматтандыруда қолдануға ниеттіміз - деп түйіндеді Асқар Жұмағалиев.
2019 жылдың 21 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2019 жылғы 21 қарашада "азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні" жалпыреспубликалық акциясы өткенін естеріңізге салып өтеміз.
источник: mdai.gov.kz