JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение
Новости одной строкой
 
27 января 2021 года Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы в Мажилисе по вопросам внесения дополнений в некоторые НПА РК в области интеллектуальной собственности.


Исполнительный директор КАИТК Данебеков Онгарбай принял участие в заседаниях рабочей группы по вопросам развития экспорта ИТ-продуктов и услуг, которые проходили в Аstana Hub с 11 го по 22 января.



8 января 2021 года Ассоциация совместно с МЦРИАП провели совещание по Дорожной карте развитие ИТ отрасли


Президент КАИТК Исин Н.К. принял участие в заседании рабочей группы по обсуждению поправок касательно Аstana Hub в Налоговый кодекс

 

 Архив >>>

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында мәлім болды. Ведомство басшылығы атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы міндеттерге тоқталды.

Қазақстандықтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді онлайн алу көрсеткішінің артуы оң нәтиже ретінде атап өтілді.2019 жылы жүргізуші куәлігін онлайн ресімдеу бірден 8 есеге, ал автокөліктіонлайн тәсілмен қайта тіркеу көрсеткіші 20 есеге артты.

2018 жылы 19 409 қазақстандық өзініңжүргізуші куәлігін интернет арқылы ресімдесе,2019 жылы бұл көрсеткіш 153 мың адамнан асты. Онлайн тәсілмен қайта тіркелген автокөлік  саны 2018 жылы шамамен 5 мың болса, 2019 жылы 100 мыңға жуықтады.

Қазақстандықтар eGov mobile қосымшасы арқылы да қызметтерді алуда. Қазан айында қолданысқа берілген қосымшаны 900 мыңға жуық пайдаланушы өз смартфонына орнатып үлгерген.Бүгінгі күні eGov mobile қосымшасына ең қажетті деген қызметтердің 60-қа жуық түрі, сондай-ақ азаматтың цифрлық құжаттары: жеке куәлігі, неке қию және балалардың туу туралы куәліктері енгізілген. Қосымшадағы ЭЦҚ-ны Face ID және Touch ID арқылы барынша ыңғайлы пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, министрлік өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласын оңтайландыру бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп,ауқымды жұмыс жүргізді.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің 80%-ін онлайн алуға болады, бұлүдерістерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі орташа есеппен 3 есеге қысқарды және талап етілетін құжаттар тізімі орташа есеппен 6-дан 4-ке дейін азайды. Жыл соңына дейін басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық мемлекеттік қызметтердің 90% -ін онлайн форматқа аударамыз», - деп атап өтті министр.

 

Министр сондай-ақ, Министрліктің шалғай ауылдарды жоғары жылдамдықты Интернетке қосу бойынша да жұмыс жүргізіп жатқанын айтып өтті. 2020 жылдың соңына дейін тұрғын саны 250 адамнан асатын елді мекендердің  барлығы мобильді интернетпен қамтамасыз етіледі.

«Биыл алға қойғанміндеттердің бірі – 250-ден астам тұрғыны бар ауылдардың барлығын сапалы мобильді интернетпен қамтамасыз ету. Откен аптада ірі ұялы байланыс операторлары тиісті меморандумға қол қойды. Нәтижесінде, биылбір мыңнан астам ауыл мобильді Интернетпен қамтылады.Ал, халық саны 250 адамнан аз елді мекендерді біз 2022 жылдың соңына дейін интернетпен қамтуды жоспарлап отырмыз. Сол кезде Интернетпен қамту деңгейі 97%-ті құрайды», - деп атап өтті Жұмағалиев.

Инновациялық экожүйені дамыту саласында министр еліміздегі «Astana Hub»халықаралық стартаптар технопаркіжұмысының маңыздылығын атап өтті. 100%, толық қуатында жұмыс істейтін технопаркте мыңнан астам кәсіпкер түрлі бағдарламалар бойынша оқу-тәжірибеден өтті.Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде IT-нарыққа өткен жылы 18,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар, барлық инновациялық IT-экожүйенің стартаптарынаарналған гранттарға, оған Astana Hub жобалары да кіреді, мемлекет 391,2 млн теңге бөлді. 391 миллионнан сәл артық қаржы бөлінгенімен, оның инвестициялық нәтижесі  18 млрд. теңгеден асып кетті.

«Инновациялық секторды сапалы дамыту үшін сауатты кадрлар қажет. Сондықтан, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және оқыту –басымдықтарымыздың бір бағыты. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін өткен жылы Astana IT университеті жәнеalem бағдарламалау мектебі ашылды», - деді  министр.

Өткен жылы атқарылған нәтижелі жұмыстың бірі ретінде спутниктерді жобалаудан бастап,құрастыру - сынау жұмыстарының толық циклін жүргізуге, сондай-ақ жиынтықтауыштарды дайындауға мүмкіндік беретін Ғарыш апараттарын құрастыру-сынау кешені құрылысының аяқталғаны айтылды.

Ақпараттық қауіпсіздік саласында еліміз БҰҰ-ның киберқауіпсіздік жөніндегі жаһандық рейтингінде 40-орынға ие болды. Министрдің пікірінше, бұл елдің ақпараттық ресурстарына жасалған 2,5 млрд.астам кибершабуылды бейтараптандыруға мүмкіндік берген «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын іске асырудың нәтижесі.

Асқар Жұмағалиев мәлімдегендей, жалпы ел экономикасын цифрландырудың экономикалық тиімділігі 800 млрд. теңгеден асты, оның 600 млрд. теңгесі 2019 жылы атқарылған  жұмыстың үлесінде.

Кеңейтілген алқа отырысына ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Министрлік жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері, ведомствоға бағынысты ұйымдардың өкілдері, салаға еңбегі сіңген қызметкерлер, саланың қоғамдық бірлестіктері, даму институттары және қауымдастық басшылары қатысқанын айтып өтеміз.

 

 

gov.kz

       itkbanner                                                        Главная      Главная