ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ-ы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус бойынша жағдайды мониторингілеу сервистерін іске қосты.
Азаматтар www.egov.kz порталында орналастырылған интерактивті картадан вирус жұқтырғандар саны және олармен байланыста болған азаматтарды тіркеу, азамат үйде немесе стационарлық карантинде болуы мүмкін, қауіпті аймақтар туралы ақпаратпен таныса алады. Сондай-ақ, коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайлары бойынша өзекті ақпарат жарияланады.
Бұл сервис коронавирус індетімен күресіп жатқанөзге елдердің (Қытай, Сингапур, Корея, Израйль) үлгісінде іске асырылды және халықтың жауапкершілігін арттыруға, гигиена шараларын күшейтуге, карантин режимін сақтауға бағытталған.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның таралуына жол бермеу және алдын алу үшін азаматтарға қала ішінде жүріп-тұруды шектеуді және карантин кезінде үйде отыруды ұсынады. #менүйдемін #үйдемін #ядома #дома.
Картада орналастырылған барлық деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен нақты уақыт режимінде алынады.
Жақын арада осындай сервистің eGovMobile мобильдік қосымшасында пайда болатынан қосымша хабарлаймыз.
Сондай-ақ, eGov порталында интерактивті картамен бірге коронавирус бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар базасы орналасқан.