ҚР ИИДМ Көлік комитеті ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап көліктік бақылау бекеттерінде қағазбен берілген рұқсаттарды тексеруді алып тастайды. Оның орнына тексеру Көлік комитетінің көліктік деректер базасының ақпараттық-талдау жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.
Яғни, тасымалдаушылардан өзімен бірге қағаздағы рұқсат беру құжаттарының болуы талап етілмейді. Осы рұқсаттарды беруге мақұлданған өтінім және қолданыстағы заңнамаға сәйкес электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте рұқсат беру үшін мемлекеттік орган қабылдаған мемлекеттік баж (қажет болған жағдайда) болса жеткілікті.
Мұндай рұқсаттардың тізіміне енген құжаттар:
- ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат;
- 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат;
- автокөлік құралына рұқсат карточкалары;
- халықаралық жүк тасымалдауға рұқсат беру куәлігі
Пресс-служба МИИР РК