Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ресми Telegram-арнасын іске қосты.
АҚДМ арнасында Министрліктің қызметі, әзірлеп жатқан жобалары туралы ақпарат ұсынылады, сондай-ақ көпшілікті толғандыратын сұрақтарға ресми жауаптарды дер кезінде жариялап отыру жоспарланған.
Сонымен бірге, өзге де орталық мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат жедел түрде таратылатын болады.
Арнада электрондық пошта арқылы кері байланыс қарастырылған.
Арнаға сілтеме: https://t.me/aqparatqogam
Пресс-служба Министерства информации и общественного развития РК