«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК Азия-Тынық мұхиттық компьютерлік инциденттерге шұғыл әрекет ету тобымен (APCERT) «Киберқауіпсіздік бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойды және ол KZ-CERT қызметі жинағында 30-ы болды.
Меморандумның негізгі мақсаттары:
- ақпараттық қауіпсіздік қатерлері туралы ақпарат алмасу;
- ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне бірлесіп әрекет ету;
- зиянды бағдарламалық қамтылымның таралуы туралы ақпарат алмасу;
- жария ету индикаторларымен алмасу болып табылады.
KZ-CERT қызметі жақында ғана Грузия Әділет министрлігінің Деректер алмасу агенттігімен (Компьютерлік инциденттерге шұғыл әрекет ету тобы) «Киберқауіпсіздік бойынша өзара түсіністік туралы меморандум» жасасқанын еске түсірейік. Халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде әлемнің 100 астам елімен қарым-қатынас құрылды.
Анықтама: APCERT жаһандық ынтымақтастық арқылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қауіпсіз және сенімді киберкеңістікке жауапты. Ұйымның негізгі мақсаттары ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Азия-Тынық мұхиттық өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайту, желі қауіпсіздігінің ауқымды және өңірлік инциденттерімен күресу жөніндегі шараларды бірлесіп әзірлеу, ақпараттық қауіпсіздікті, компьютерлік вирустар мен зиянды кодты қоса алғанда, өзінің мүшелері арасында ақпаратпен және технологиялармен алмасуда көмек көрсету, өңірде төтенше жағдайларға және т.б. тиімді және ықпалды компьютерлік әрекетті жүргізуде басқа CERTs мен CSIRTS жәрдемдесу болып табылады. APCERT қызметі туралы толығырақ APCERT.ORG интернет-ресурсында білуге болады.